Алматыда вирус жұқтырғандар азайды

Алматыда коронавирус жұқтырған 813 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті.

 
Алматы, NEGE. 8 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 79 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 77, симптомсыз – 2 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 136, келіп түскені – 73

«Инфекциялық стационарларда 813 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 25 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 90 адам жатыр.

Ал 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 42 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 20 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1537 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1468 науқас. 69 адамда коронавирус белгілері жоқ.