Алматыда VI жазғы Спартакиада ойындары өтеді

Алматыда 2-8 ақпан аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтеді, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді.

Спартакиада бағдарламасы:

2 ақпан – командалардың келу күні. Мандаттық және төрешілер комиссиялары;

3 ақпан – грек-рим күресі

55, 63, 72, 82, 97 келі салмақ дәрежелері;

4 ақпан – грек-рим күресі

60, 67, 77, 87, 130 келі салмақ дәрежелері;

5 ақпан – әйелдер күресі

- 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі салмақ дәрежелері;

6 ақпан – еркін күрес

- 57, 65, 74, 86, 97 келі салмақ дәрежелері;

7 ақпан – еркін күрес

- 61, 70, 79, 92, 125 келі салмақ дәрежелері;

8 ақпан – командалар қайтатын күн.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды