Алматыда вакцина алғандар саны 1 миллионға жуықтады

Алматы қаласында бір тәулікте 4 436 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Алматы, NEGE.  «12 қазан күні 4 436 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1764, II компонентін 2 672 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 қазаны аралығында қалада 971 283 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 902 062 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 523 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктері жұмыс істейді», - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

 

 

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады