Алматыда үш бала суға батып кетті

Алматы қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен үш оқушының денесі табылды. Олар суға батып кеткен. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. Бақытжан Сағынтаевтың сөзіне қарағанда, құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалған оқушыларды іздестіру шараларын тоқтатқан.

«Өкінішке қарай, Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсенғалиевтер қайтыс болды. Оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Балалар мұзы жұқа су айдынына түсіпкеткен. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне оқиға себебін анықтау жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі. Тергеу барысы бақылауымда болады», – деп жазған қала әкімі.

 14 жастағы балалар 12 қаңтар күні Алғабас шағынауданындағы №184 мектепке кеткен. Содан кейін оларды ешкім көрмеген.

Қазір оқып жатыр

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты