Алматыда ұрылар 4 банкоматты тонап кетті

Алматыда банкомат тонаумен айналысты деген күдікпен 4 адам ұсталды.

Алматы, NEGE. Белгілі болғанындай, ұрылар қылмыстық әрекеттерін түнде істейтін болған. Олар банктердің терминалдарын бұзып, кассетаны шығарып, ақшаны алған алған соң, ұяшықты қайтадан орнынан салып кететін болған. «Күдіктілер қолға түсті. Олар төртеу. Олар өздерінің соңғы «жорықтары» барысында терминалдан 160 мың теңгеден астам ақшаны алып кеткен.

Тергеу барысында күдіктілер өздерінің 4 банкоматты тонағанын айтқан. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша тергелуде. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды