17 октября 2023 г. 1:07

Алматыда «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті

Фото:

500-ден астам қатысушы «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Қазақ күресі» және «Бәйге» сынды ойын түрлерінде бақ сынасты. Жарыстың жалпы жүлде қоры 5 млн теңге.

Алматы, NEGE. «Құнан бәйгеден» жарыста Жамбыл облысының шабандозы Жолшыбек Мәди бірінші орын алды. Екінші және үшінші орынды Алматы облысының шабандоздары Бекзат Ділдәхан мен Сембек  Мұқағали иеленді. 1 орынға 1 млн теңге, 2 орынға 500 000 мың теңге, ал 3 орын иегеріне 250 000 мың теңге берілді. 

«Аламан бәйге» санатында 1 орын алматылық шабандоз Айсұлтан Сағымбекке, 2 орын Жамбыл облысынан келген Асылжан Төлегенге, 3 орын Алматы облысының шабандозы Инсар Сармамбетке бұйырды. 1 орынның жүлде қоры 1 500 000 теңге, 2 орын 600 мың және 3 орын иегері 400 000 теңге алды. 

Бұған қоса, қолөнер жәрмеңкесі, армрестлинг, гір көтеру және «Тоғызқұмалақ» турнирі өтті. Іс-шара қонақтары мен қатысушылары «Отырар Сазы» ұжымы мен «Домбыра триосы» ұлттық ансамблінің өнерін тамашалады.

Тегтер: