Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру бағдарламасы басталады

Биыл қыркүйек-желтоқсан айларында Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бойынша мемлекеттік бағдарлама іске асырылады.

Алматы, NEGE. Ол қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеуге бағытталған. Биыл шамамен 9000-ға жуық ит пен мысық қамтылады. 

Үй жануарлары иесінен өтінімдер 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қабылданады. 

Бұл қызметтің қай жерде жүргізілетінін карусельде көрсеттік.