Алматыда тұрғын үйге қосалқы салынған құрылыс нысаны сүріледі

Алматыда тұрғын үйге қосымша салынған құрылыс нысаны сүріліп жатыр, деп хабарлады қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Мәуленов көшесіндегі № 96\77 үйге екі қабатты қосалқы салынған нысан рұқсатсыз салынған.

«Алмалы аудандық соты басқарманың талаптарын қанағаттандырды. 11 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен қосымша құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды», - делінген хабарламада.