Алматыда түнгі клубтың барменінен есірткі табылды

Алматыда түнгі клубтың барменінен есірткі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Жақында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасағының көмегімен арнайы іс-шараны жүргізді. Қалалық мекемелердің бірінде бармен болып жұмыс істейтін 28 жастағы Д.есімді азамат ұсталды.

– Жедел мәліметтерге сәйкес, күдікті өз жұмыс орнында есірткі сатумен айналысқан. Оның қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталған: қамауға алынар алдында ол “клиентке” синтетикалық есірткінің дозасын сатқан. Ұстау барысында күдіктіден ақ түсті, ерекше иісті, ұнтақты заты бар байлам табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық ПБ-да ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есірткі сатушы қамауға алынды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.  

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты