10 октября 2022 г. 20:50

Алматыда түнгі клубты жағалайтындарды тонайтын ұры ұсталды

Фото:

Ойын-сауық мекемелеріндегі ұрлық дерегін Медеу ауданының полиция қызметкерлері анықтады. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Ол 21 жастағы алматылық жігіт болып шықты.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 21 жастағы О. есімді азамат ұсталды. Тергеу анықтағандай, ол адам көп жиналатын орындарды таңдаған: түнгі клубтар, лаунж-барлар, караоке клубтары. Қонақтардың ән айтуға немесе би билеуге кеткенін күтіп, кейіннен олардың мүлкін ұрлап кеткен. Бұл көбінесе ұялы телефондарға қатысты. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас үш эпизодқа қатыстылығы анықталды, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды

Тегтер: