Алматыда троллейбус екі баланы қағып кетті

Алматыда троллейбус жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кетті. Салдарынан 13 және 14 жастағы балалар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Алматы, NEGE. Жол апаты кешкі сағат 8-дер шамасында Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысында болған. Абай даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқан троллейбус жүргізушісі жеткіншектерді дәл осы жерде қаққан.

Соққы салдарынан 13 және 14 жастағы балалар  түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылар жағдайлары оңалғандықтан жеткіншектерді амбулаториялық емге жібердік дейді. Ал Полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр

“Нөмірі бесінші бағыттағы троллейбус жүргізушісі 2008-2009 жылы туған балаларды қақты. Қазіргі таңда іс материалдары Алматы аудандық әкімшілік полиция басқармасына жіберілді”, – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ал троллейбус паркінің мәліметінше балалар жол ережесін бұзған. Бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолды самокатпен кесіп өтпекші болыпты. Парк өкілдері 29 жастағы жүргізушінің жеті жылдық тәжірибиесі бар дейді. Керісінше, балалардың көшеде самокатпен жүрмеуі керек деп отыр.

«Сол самокатпен наезд на самоката болған. Қазір жол қауіпсіздігі гаимен оформлять еттік. Енді күтіп отырмыз қорытындысын. Мас болмаған. Экспертизадан өткен. Мына самокат деген мүлдем қиын жағдай. Қалада жүріп жатырмыз, көріп жатырмыз», – дейді Алматы қалалық троллейбус паркінің бас инжинері Мәулен Жаненова.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады