Алматыда трамвай жолдары алынып жатыр
Алматыда қалған трамвай жолдарына демонтаж жасау жұмыстары қайта жалғасты.
Алматы, NEGE. Қалалық мобильділік басқармасы трамвай рельстерінің бұзылып жатқанын растады.
«Биыл Төле би көшесінің бойы, яғни Ясауи көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейін (ұзындығы 8,5 шақырым) жолда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов көшесінен М.Әуезов көшесіне дейінгі аралықта трамвай жолдарына демонтаж жасау жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады басқармадағылар.