19 сентября 2022 г. 12:55

Алматыда төселген жолдың сапасы тексерілді   

Фото:

Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен 3 бірлескен рейдтік жұмыстар атқарылды.

Алматы, NEGE. 2022 жылдың басынан Алматы қаласы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандарымен көше-жол желісі бойынша жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардан кейін асфальтбетон жабындысын қалпына келтіруде қолданылатын материалдардың сапасына жіті назар аударуда.

        Бүгінгі таңда Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасымен жасалған келісім шарт аясында 400-ге жуық тексеру жұмыстары жүргізіліп, 600 жол-құрылыс материалдарының үлгілері сынақтан өткізіліп, нәтижесінде алынған сынаманың 250  нормативтік талаптарға сәйкес болмай шықты

Орталық мамандарының нысандарды тексеру барысында 263 ақаулар анықталып, олардың 64-і қайта түзетіліп, 199-і қайта түзетіліп жатыр. Яғни, асфальтбетон жабындысын сомасы  28, 6 млн теңге мердігерлер өз қаражаты есебінен қайта жөндеу жұмыстарын жүргізді.   

Құрылыс кезінде анықталған ақаулар мен зертханалық қорытындылардың нәтижелері бойынша Алматы қаласының «Қала құрылыс бақылау басқармасына»  15 өтініш жолданды. Бүгінде оң нәтижелі өтініштер негізінде жауапты тұлғаларға 7 504800 теңге айыппұл салынып, 2 техникалық қадағалау инженерлерінің аттестатын 6 ай мерзімге тоқтату және 1 мердігерлік ұйымды лицензиясынан айыру шаралары қабылданды.

Сондай-ақ, Жылжымалы жол зертханасымен 462,47 шақырым жолға  диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тегтер: