Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда – штаб

Алматы қаласы аумағында антитеррорлық операциялар режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда, деп хабарлайды терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы.

Алматы. NEGE. Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қаласының Полиция департаменті, Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етуде. Блокпостар жұмысын жалғастыруда.

«Террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз.

Сондай-ақ шерулер мен митингілерге тыйым салынады.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Антитеррорлық операциялар режимінің аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады», - деді штабта.