Алматыда ақылды бағдаршамдар жұмыс істейді
Биылдан бастап Алматы көшелеріне ақылды бағдаршамдар орнатылады. Бастапқыда 93 бағдаршам іске қосылса, 2022 жылға дейін қаладағы барлық бағдаршамды осы жүйеге ауыстыру жоспарланып отыр.
Алматы, NEGE. Ақылды бағдаршамдар күн санап аумағы артып келе жатқан алып мегаполистің жол-қозғаласын реттеп, апатты жағдайлардың алдын-алу үшін қажет. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы мәлімдеді. Аталған жоба шаһардың ерекше мәртебесі туралы заңға енгізілген өзгерістер аясында жүргізілмек.
«Бұл ақылды бағдаршамда белігілі бір анықталған фазалар орнатылған, яғни 20-30 секунд. Ол машинаның бар-жоғына қарамастан, толық уақыт жанып тұрады. Тиісінше, қазіргі ақылды жүйелі бағдаршамдық нысанды өздері анықтайтын болады. Олар жол торабында орналасқан машиналардың санын, көлемін және олардың жылдамдығын анықтап, жол қозғалысын реттейтін болады», – дейді Алматы қалалық мобильділік басқарма басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров.