21 августа 2020 г. 14:30

Алматыда тек 1-2 сыныптар ғана мектепке барады

Фото:

1 қыркүйектен бастап Алматыда мектепте 1-2 сынып оқушылары ғана қалыпты режимде сабақ оқи алады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы брифингте Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді.

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жіті бақылауында. Міне, бүгінде қызмет бабындағы ата-аналардан кезекшілік сыныптар ашуын сұраған көптеген өтініш келіп түсуде. Осыған байланысты барлық орта мектептерде 1-2 сынып оқушылары үшін кезекші топтар ашу туралы шешім қабылданды, - деді ол.

Сондай-ақ мамандандырылған түзету мектеп-интернаттарына 1-ден 4-ке дейінгі бастауыш сыныптар үшін штаттық режимдегі жұмысқа рұқсат етіледі.

Тегтер: