Алматыда Тәжікстанның мәдениет күндері өтіп жатыр

Алматыда 26-28 тамыз аралығында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының көрмесі өтеді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Алматы, NEGE. Республика Сарайының алдына 25 сауда нүктесі орнатылды: шатырларда халық шығармашылығы тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде кептірілген жемістерді, көкөністерді, қауындар мен қарбыздарды, балды сатып алуға ниет білдіргендердің барлығы қол жеткізе алады. 

Көрші елден барлығы 200 тоннадан астам өнім әкелінген.