Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отшашу ұйымдастырылады

Алматыда 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік отшашу атылады. Шара туралы Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Отшашу ҚБТУ алаңынан сағат 21.00-де басталады.

Сондай-ақ, қала әкімдігі мерейтой күніне орай Алматыда 110-нан аса түрлі іс-шара өткізілетіні туралы хабарлады:

  • 15 желтоқсанда №1 оқушылар үйінде "Жасай бер, Қазақ елі" атты концерт өтеді;
  • Осы күні Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек" атты іс-шара ұйымдастырылады. Оған мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады;
  • Жастар Сайран көлі жағасында экоакция өткізеді;
  • 16 желтоқсанда "Тұран" университеті флэшмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында "Абылай хан"операсының премьерасы болады.
  • Тәуелсіздік күні Ұлттық кітапханада "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты іс-шара өтеді.