23 августа 2022 г. 8:41

Алматыда тағы бір сарбаз қайтыс болды

Фото:

Қайғылы жағдай 22 тамыз сағат 15.15-тер шамасында болды.

Алматы, NEGE. 2001 жылы туылған келісім шарт бойынша әскери қызметші Сабыров Абылай қайтыс болды.

- Қызметтік міндетін орындау кезінде келісім шарт бойынша әскери қызметші Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының салдарынан қайтыс болды, -  деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды

Тегтер: