Алматыда таеквондодан Қазақстан кубогі өтеді

Алматыда таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE.  Республикалық жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді. Турнир 6-8 желтоқсанға жоспарланған.  Жарыстың бірінші күнінде ерлер 54, 74 және 80 келіге дейінгі салмақтарда сынға түседі.  Сондай-ақ әйелдер 46, 57, 73 келі салмақта өзара мықтыны анықтайды.