Алматыда субұрқақта тоқ соққан 8 және 10 жасар екі қыз ауруханадан шықты

Алматыдағы субұрқақта тоқ соққан сегіз және он жасар екі қыз ауруханадан шықты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Сегіз және он жасар қыздың жағдайы жақсарып, бүгін үйіне шықты. Одан әрі оларды үйде бақылайтын болады. Түскен кезде оларға электр жарақаты, екеуіне де бірінші дәрежелі күйік диагнозы қойылған болатын», - дейді Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Еске сала кетейік, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты . Кейіннен әкімдік аталған оқиғанын мән-жайын түсіндірді. Сонымен қатар, «Eco Almaty» ЖШС басшысы Жанна Асанова, ол жерде «Шомылуға тыйым салынады!» деген ескерту тақташасы орнатылғанын атап өтті.

Алматы әкімі оқыс оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатқанын мәлім етті.

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр