Алматыда "синтетиканың" ірі партиясы тәркіленді

Қаланың 27 жастағы тұрғынынан психотроптық заты бар 23 оқшауланған байлам тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz

. 

Алматы, NEGE. "Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар психотроптық - "мефедрон" болған. Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде есірткісі бар ораусыз байлам мен ірі көлемдегі ақша табылды және тәркіленді. ҚР ҚПК-тің 128 бабына сәйкес ҚР ҚК-нің 297 бабы 3 бөлігінің 1,3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінген адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр. 

Қазір оқып жатыр

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді