Алматыда шорт-тректен әлем чемпионатының екі кезеңі өтеді

Алматыда 2022 жылы шорт-тректен әлем чемпионатының екі кезеңі өтеді.

Алматы, NEGE. Қазақстанның Ұлттық коньки тебу федерациясы мұндай мүмкіндікке Халықаралық коньки тебу одағы (ISU) өкілдерінің тексеру сапарының қорытындысы бойынша ие болды.

Осылайша, 9-11 желтоқсанда және 16-18 желтоқсанда Алматыда тиісінше әлем чемпионатының III және IV кезеңдері өтеді.

Айта кетейік 2018 жылы Алматыда әлем чемпионатының кезеңі өткен болатын.