11 сентября 2022 г. 8:53

Алматыда «Шежіре» жас отбасы форумы өтті

Фото:

Отбасы шағын мемлекет. Қандай қоғамда болмасын оның маңыздылығы ерекше. Жасыратыны жоқ қазір елімізде жас отбасылардың ажырасу көрсеткіші төмендемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылдың өзінде 48 мыңнан астам ажырасу фактілері тіркелген.   «Шежіре»  жас отбасы форумына жиналған  мамандар  осы және басқада өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. 

Әлихан Мұсатаев, форум ұйымдастырушысы:

- Отбасын құрғанда, отбасына міндетті түрде проблемалар болады, әр жұмыста болатын проблема отбасында да болады, одан мойымау керек, жеңе білу керек деп келу керек. Сондықтан әр отбасын құрғанда, жас отбасы ойланып құру керек. Құрғаннан кейін айырылыспайтындай, шаңырағын биік ұстайтындай ғып, өзімді бақытты қылам,  әйелімді бақытты қылам, балаларымды бақытты қылам деп отбасын құру керек деп ойлаймын.

Ер азамат шаңырақ иесі десек, әйел – ананы отбасының алтын қазығына балайтынымыз анық. «Елімізде отбасыға зерттеу жасаған тұста көбіне әкелер ұмыт қалып жатады. Балаға анасының ғана емес әкенің тәрбиесі де ауадай қажет. Біздің  қоғамда үлгі тұтар әкелер аз емес. Өкінішке орай сол кісілер насхатталмай жатады»-дейді форумға қатысушылар. Отбасы бақыты жәйлі қала-тұрғындарының да көзқарасын білген едік.

- Сыйластық керек ең бірінші. Отбасында сыйластық болса, бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Ата-ананы құрметтеу керек. Бәрі жақсы болса, отбасы бақытты болады деп ойлаймын.

- Махаббат. Екеуі тату-тәтті тұрса,  сол жеткілікті деп ойлаймын. Махаббат өмірдің барлық қиындықтарың жеңу үшін көмектеседі.

- Отбасы бақытты болуы үшін ең бірінші, бірлік қажет, бір бірін түсіну керек, және де сыйласымдық керек деп ойлаймын.

 Форумға қатысушылар отбасындағы келісім атмосферасын құру туралы жеке жетістіктері жәйлі әңгімелеп берді. Тәрбие тал бесіктен дейміз. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.Сондықтан кез-келген ата-ананың бала тәрбиесіне баса мән бергені жөн. Жанұяда сыйластық қажет. Сыйластық пен түсіністік жерде қоғамның діңгегі де берік болмақ.

Тегтер: