Алматыда саябақта жүрген адамдарды тонаған екі күдікті анықталды

Алматыда саябақта жүрген адамдарды тонаған екі күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Олар – 27 және 24 жастағы Алматы облысының тұрғындары. Күдіктілердің бірі бұрын қарақшылық шабуыл және тонау қылмысының жасағаны үшін сотталған.

ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөйлер түнгі уақытта саябақта өтіп бара жатқан адамдарға, негізінен жас жігіттерге шабуыл жасап, олардың телефондарын тартып алған.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?