Алматыда сауда орталығындағы жаппай сатылым кезінде адамдар кептеліп қалды

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде жаппай сатылым кезінде келушілердің көптеп жиналуынан күтпеген жағдай болды.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықтың тығыздығы соншалық, бірнеше сауда орындары мен дүкен сөрелерін қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігі үшін полиция шақырылып, адамдарды эвакуациялауға тура келді", - делінген видеодағы жазбада.

Алматы полиция департаменті бұған қатысты түсінік берді.

"Алматы полиция департаменті сауда орталығында көпшілікті дүрліктірген акцияны ұйымдастырған бутик әкімшісінің жауапқа тартылатынын, оның әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлайды", - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді