Алматыда самокаттағы қызды көлік қағып кетті

Сейфуллин мен Шевченко көшелерінің қиылысында «Тойота Прадо» көлігін тізгіндеген жүргізуші электросамокат мінген қызды қағып кетті.

Алматы, NEGE. Жол апатынан кейін жүргізуші көлік қозғалысын жалғастырып, тағы екі көлікпен соқтығысқан.

Тойота Прадо көлігінің жүргізушісі ішімдік ішкен болып шықты. Қыз дереу ауруханаға жеткізілді.

Тергеу жұмыстары басталды. 

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?