Алматыда самокатпен жүргендерге жүргізуші куәлігі міндеттелуі мүмкін

Алматылықтар жылдамдығы жоғары самокаттарды басқару үшін жүргізуші куәлігі қажет деген ақпаратты естіп, қарсылықтарын білдіріп жатыр.

Алматы, NEGE. Айтуларынша, электр самокаттарына қатысты жаңа талап тікелей жеке құқықтарын шектейді. Яғни қозғалыс құралдары онсыз да әлемдік стандарттарға сай. Жылдамдығы 25 шақырымнан аспайды екен.

Соңғы жылдары Алматыда электр самокаттарына қатысты проблема өзекті болып тұр. Әрі оқыс оқиғалар да жиіледі. Бірақ заң бұзылған жағдайда тәртіп сақшылары самокаттарды қай санатқа жатқызарын білмейтін еді. Өйткені ресми түсінік болған жоқ. Енді талаптар бекітіліп, күшіне еніп отыр. Соған қарағанда, жақында жол ережесі мен Әкімшілік кодекске де өзгерістер енгізілуі мүмкін.