Алматыда самокат мінген адамды көлік қақты
Алматыда электр самокат мінген кісіні көлік қағып кетті. Оқиға Абай – Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған.
Алматы, NEGE. Видео Instagram парақшалардың бірінде жарияланды. Бейнежазбада көрсетілгендей, жас жігіт көлікке соқтығысып қалғаннан кейін орнынан тұрып, ары қарай кете берген. Полиция осы оқиға бойынша кейінірек түсінік беруге уәде етті.