Алматыда Сайран су қоймасын алғаш рет тазартып жатыр
Сайран көлін қоқыс пен лайдан тазарту басталды, леп хабарлады Алматы әкімдігі.
Алматы, NEGE. Су қоймасының түбі мен жағалауын лайдан, қамыс пен қоқыстан механикалық тазарту жүріп жатыр. Бұрын мұндай жұмыс жүргізілмеген.
Су қоймасының жалпы ауданы 162 мың шаршы метр, тазарту жұмыстарына 35 жұмысшы жұмылдырылған.
Тазалау жобасы аясында мыналар қарастырылған:
- түбін тереңдету;
- батыс жағалауды реттеу;
- өзен арнасын тұрақтандыру;
- жағажайларды тазарту;
- сол жағалаудағы пирсті жөндеу.
Механикалық тазарту мамыр айының соңында аяқталады. Биыл сәуір айында Әуежай мен Қарасу көлдерінде осыған ұқсас жұмыстар жүргізіледі.