Алматыда Respublica ұйымдастыруымен ReStart Forum өтті
Бұл - кәсіпкерлердің өмірде де, бизнесте де кездескен қиындықтары туралы сторителлинг форумы. Мысалы, Максим Барышев «Учет.kz» жобасының қалыптасу тарихымен бөлісті.
Алматы, NEGE. «Интернет игілігімізге енді ене бастаған тұста «Учет.KZ» сайтын құру идеясы туды. Бұл есепшілерге арналған сайт болды.
Мен 2005 жылы жоба туралы достарым мен туыстарыма айттым. Өйткені, сіздің өніміңіздің бірінші тұтынушысы - сіздің ортаңыз. Содан кейін жобамды басқа адамдарға көрсете бастадым. Бірақ кейін барлығында интернет жоқ екенін ескермегенімді түсіндім.
Ал кейбіреулер маған: «Бұл кімге керек? Мұны алатын адамдар бар болғаны 200 болуы мүмкін, сіз осы арқылы ақша тапқыңыз келе ме? Интернетте ақша табу мүмкін емес!» деді. Бірақ мен бір күні 10 000 клиентім болады деп жауап беріп, жұмысымды жалғастыра бердім. Біз сайтты 2006 жылы аштық, жарнамаладық, бірінші жылы бізде жыл сайынғы кіру үшін 100 доллар төлеген 1000 клиент болды», - деді спикер.