Алматыда психотропты заттарды сатқан күдікті ұсталды

Алматыда психотропты заттарды сатқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz ақпараттық порталы.

Алматы, NEGE. «Алматыда психотропты заттарды сатқан 40 жастағы келіншек ұсталды. Психотропты заттарды сатқан К. есімді азаматша қамауға алынды», - делінген хабарламада. 

Алматының полиция департаменті (ПД) есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетовтың айтуынша, К. есімді азаматшаның өзінің де есірткі қолданатыны белгілі болды.

«Ол да «әріптестері» секілді ораманы қаланың әр жеріне жасырып кетіп жүрген, кейін ақшаны алғаннан кейін өз сатып алушыларына «тауардың» қайда тұрғанын хабарлап отырған. Қажетті дәлелдер базасы жиналды. ҚР ҚК 297 бабы (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді басқарма басшысы.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді