Алматыда «Promenade» сауда орталығының орнына жаңа фудхолл салынады

Қаңтар оқиғасы кезінде талқандалған «Promenade» сауда орталығы жаңғыртылып жатыр, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде.

Алматы, NEGE. Жобаға сәйкес, сауда орталығының ғимаратында фудхолл ашылады. Бір кеңістікте әртүрлі бірнеше мейрамхана орын тебеді.

Сауда алаңының иелері енді рұқсат алу үшін Қала құрылысы кеңесіне жүгінуі керек.

Идеяны қала әкімдігі қолдады, жұмыс 2024 жылы басталады.