10 октября 2022 г. 9:38

Алматыда полиция подполковнигін ұрып кетті

Фото:

  Әлеуметтік желіде Алматыда полиция қызметкерінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады.

Алматы, NEGE. Полицияда оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлім етті. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 қазанда, түнгі сағат 00:30 шамасында «Панорама» мейрамханасының жанында болған.

Белгісіз адамдар Алматы қаласының полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі, полиция подполковнигі Р. Өтегеновті соққыға жыққан.
Ол «жабық бас сүйек - мидың жарақаты, мидың шайқалуы»диагнозымен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ көптеген гематома мен сынықтар да болды.

«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда»,  – деді полиция департаменті. 

Тегтер: