Алматыда полиция қызметкері жұмыс орнында қаза тапты: Әріптесі абайсызда оқ атқан

Алматы қаласы ПД 5 маусым полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды.

Алматы, NEGE. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін бүгін сағат  8.00 шамасында Алмалы аудандық полиция бөліміне Алматы қалалық полиция басқармасының ғимаратында ер адамның оқ жарақатын алғаны туралы қоңырау келіп түскені туралы ақпаратты журналист Михаил Козачков телеграм каналында хабарлаған болатын.

«Жедел тергеу  тобы оқиға орнына жеткенде, сағат 7.50 шамасында қарауыл старшинасы 1995 жылғы Қайсанов Даулет Аманболұлы қарауыл сержанты 1995 жылғы Амангелдин Ердос Айдосұлының басына қызметтік қарудан  абайсызда оқ атқаны анықталды. Амангелдин Е. алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды», – деп жазды Козачков.

Куәгердің айтуынша, ешқандай жанжал болмаған, олар қатар әңгімелесіп отырған.