Алматыда полиция басқармасы басшысының орынбасары көз жұмды

Алматы қалалық Полиция депратаментінің хабарлауынша, полиция басқармасы басшысының орынбасары көз жұмған.

Алматы, NEGE. Түркісіб аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полковник Таңат Назанов қайтыс болды. Полковниктің қазасына жүрек талмасы себеп болған.

«Ол жұмыс орнында қаза болды», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Естеріңізге салайық, бүгін Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Жанат Сүлейменов көз жұмған. Кейбір деректерге қарағанда, генерал өзіне қол жұмсаған.