Алматыда пышақталған ер адамның денесі табылды
Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 15 наурызға қараған түні 'Самал-3' шағын ауданында ер адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады.
Алматы, NEGE. Алматы полициясы ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпаратты растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, алкогольдік ішімдіктерді бірге ішкен таныстар жанжалдасып қалған. Салдарынан 35 жастағы ер адамды пышақтап кетеді.
Полицейлер іздеу барысында 22 жастағы күдіктіні ұстап, қамауға алды. Күдікті – 2001 жылы туған Д. есімді азамат.