Алматыда педагогтар мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды

Алматыда педагогтар мен полиция қызметкерлері коронавирустан вакцина қабылдай бастады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы қалалық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

«Иа, вакцинация басталды. Қаланың мұғалімдерін вакциналау кешеден бері жүріп жатыр. Бір тәулікте 300 адамға салынуы тиіс. Полиция департаментінің қызметкерлерін де вакциналау басталды», - деді брифинг барысында Әсел Қалықова.

Кеше 20 мұғалім, 50 полиция қызметкеріне екпе егілді. Айта кету керек, вакцина салдыру 1 ақпаннан бастап ерікті түрде жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды