Алматыда патрульдік полиция көліктерінде жаңа «Сергек» камералары орнатылды
Алматы полициясында «Сергек – Патруль» жаңа кешенінің тұсаукесері өтті, деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті.
Алматы, NEGE. Алматыда «Сергек» орнатылған осындай сегіз патрульдік көлік бар.
«Жоба қазіргі уақытта пилоттық нұсқада жүзеге асырылуда. Оған патрульдік полиция экипаждарын «Сергек – Патруль» автоматтандырылған кешендерімен жабдықтау кіреді. Камералардың және жоғары интеллекттің көмегімен кешен ағындағы көлікті анықтап, нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді. Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі «жалған» нөмір еместігіне, техникалық байқаудың және сақтандыру полисінің болмауына, төленбеген айыппұлдардың болуына, ұрлыққа және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріледі. Сонымен қатар, бағдарлама қоғамдық көліктерге арналған жолақтардағы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін түсіреді. Құрылғымен тіркелген оқиғалар ЖҚЕ бұзуды өңдеу үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.
Жабдық қараңғыда, қолайсыз ауа райында және аязда жақсы жұмыс істейді. Автоматтандырылған бағдарламалық кешен «Қорғау» мобильді қосымшасымен біріктірілген.