Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.

Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Күдікті – К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.