Алматыда осыған дейін ауланған қаңғыбас иттер босатылады

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның аясында «Қалалық ветеринариялық қызмет» КМК ауланған иттерді босатады, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.

Алматы, NEGE. Енді ауланған жануарларды өлтіруге тыйым салынады. Қауіпті жұқпалы аурумен ауыратын және негізсіз агрессия жасайтын жануарларды ғана атуға рұқсат.

Биыл маусым айынан бастап ауланған қаңғыбас жануарлар тексерістен өтеді. Егер қауіпті ауру мен себепсіз агрессия байқалмаса, оларға вакцина салынады және піштіріледі.

Содан кейін олар асырап алғысы келетіндерге беріледі. Ешкім асырамаса, құлағына арнайы жасыл белгі тағып босатады.