Алматыда өртенген және оқ тиген 140 көлік айып тұрағына қойылды

Алматы қаласы құтқару қызметінің бастығы Бейсеғали Жүнісов 47 көлік өртеніп, 48-іне оқ жауып, 17-сі қарақшылық шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Алматыда өртенген және оқ тиген 140 көлік айып тұрағына қойылды

.

Алматы, NEGE. Tengrinews.kz -тің хабарлауынша, 40 көлік құқық қорғау органдарына, соның ішінде жүк көліктеріне тиесілі екені белгілі болды.

"Кейбір көлік иелері алып кеткісі келеді. Бірақ тергеу аяқталғанша оларды бере алмаймыз", - деді Жүнісов.

Көкжиектегі автотұрақтан "Гелендвагендер", "Лексустар" мен "Мерседестерді" де, әскери жүк көліктерін де байқауға болады.