2 августа 2023 г. 15:44
Алматыда өрт шыққан үйде өртке қарсы қорғаныс жүйесі істемеген
«Ақкент» шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын-үйдің оңтүстік жағында өрт сөндіру техникасына арналған подъезд болмаған.
Алматы, NEGE. «Кешегі жағдай тұрғын үйдегі түтінге қарсы қорғаныс жүйесінің жұмыс істемейтінін көрсетті. Ол жұмыс істесе, қабаттарды қатты түтін баспас еді», - деді қалалық ТЖД бастығының м.а. полковник Ерлан Әлібеков. Сондай-ақ апаттық шығу жолы ретінде 5-ші қабаттан бастап жоғары қабаттардың балкондарына дейін жалғасқан люктер болуы керек. Олардың барлығы жабық болған.
Екі ересек және бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, қалған науқастардың жағдайы бір қалыпты.
Өрт оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.