Алматыда оқушыларды Ресей патриотизмі жайлы фильмге апарған мектеп директорына сөгіс жарияланды

7 желтоқсанда Алматыдағы 'Цезарь' кинотеатрында оқушыларға 'Россия. Нам 30 лет' атты деректі фильм көрсетілген. Бұл фильмді көруге Алматы қаласындағы №132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушылары барған. Ал оқушыларды фильмге апарған – гимназия директоры, -  деп хабаралады Halyq-uni.

Алматы, NEGE. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Руслан Түсіпбек жазды.

"№132 гимназия директорына сөгіс жарияланған. Бірақ бұл аздық етеді. Оны және Алматы қаласы білім басқармасының басшысын алдымен қызметінен босату керек. Мемлекеттік органдарды бұл жағдайға бей-жай қарамай, қатаң шешім қабылдауға шақырамын. Кінәлілердің бәрін жауапқа тарту керек. Фестивальді тоқтату керек және Россотрудничество агенттігінің кез келген бастамасынан бас тарту керек. Біз Ресейдік провинциясы емеспіз", - деп жазды Руслан Түсіпбек.

Ал 20 жылдан астам уақыт киноклубқа жетекшілік етіп келе жатқан Олег Борецкий "Цезарь" кинотеатрында болған жағдайға еш қатысы жоғын айтқан.