Алматыда оқушы бала жоғалды

Алматыда оқушы бала жоғалып кетті. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов жазды.

Алматы, NEGE. Оның ақпаратына сәйкес, 2005 жылы туған Шерхан Күнту үйден 20 ақпанда шамамен 14:30-да шыққан.

«Арық, бойы 1,5 метр, шашы қара, қысқа. Қара күртеше, қара бас киім, джинсы, көк кроссовка киген. Қолында қара түсті сөмкесі болған. Іздеуге көмек сұраймын», - деп жазған Қиқымов.

Полицейлер мен еріктілер оны іздестіріп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, бала эпилепсиямен ауырады.

Қазір оқып жатыр

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты