Алматыда Наурызбай аудандық сотының төрағасы оқыс жағдайда көз жұмды

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы мезгілсіз қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше 9 тамыз күні 54 жасында белгілі заңгер, Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов оқыс жағдайда көз жұмған.

«Алматы судьялар қауымдастығы атынан марқұмның туған-туыстарына, отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қайғы. Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және оның есімі ҚР сот жүйесінің тарихында қалады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді