Алматыда «Мүмкіндіктер уақыты» әлеуметтік форумы өтіп жатыр

Бүгін халықаралық мүгедектер күні. Осыған орай Алматыда «Мүмкіндіктер уақыты» деген тақырыпта әлеуметтік форум өтіп жатыр

, деп жазды 24.kz.

Алматы, NEGEҚатысушылар инклюзивті қоғам құру жолдарын талқылуда. Оған қоса, шетелдік сарапашылар әлеуметтік мәселеге қатысты тәжірибелерімен бөлісті. Қазір Алматыда 56 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның 700-ге жуығы түрлі салада жұмыс істейді. Жиын соңында арнайы резолюция қабылдайды. Құжатта жұмыспен қамту, инфрақұрылымның қолжетімдігі сияқты өзекті тақырыптар қамтылған.

Бауыржан Жаубасов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

 - Инклюзивті қоғам құрып жатырмыз, инклюзивті экономика құрып жатырмыз. Инклюзивті инфраструктура құрып жатырмыз. Қоғам әр адам өзінің көзқарасын өзгертсе онда мүгедектігі бар адамдар ешқандай өзінің шектеуін сезінбейді. Бізбен қатар қоғамда өмір сүреді жұмыс істейді. Қоғамда белсенді болады. Мүмкіндіктер форумы деген форумның басты мақсаты осы.

Қазір оқып жатыр

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады