Алматыда монша кешені өртенді

Алматыда монша кешені өртенді, деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.  Департамент мәліметінше, 5 қыркүйекте таңғы сағат 7:49-да өрт сөндіру топтары Медеу ауданы Керей және Жәнібек хандар көшелеріне шақырту бойынша шыққан. "Ля купель" екі қабатты монша кешеніндегі бөлмеден өрт шыққаны анықталған. Кешен маңында орналасқан екі ғимаратқа өрт таралу қаупі болған.

"Түтінге байланысты газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары жұмылды. Өрт шығу ошақтарын табу үші тепловизорлар қолданылды. Екінші қабаттағы төбе жабыны ішінара құлады, өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, өрт оқпандарын жалынды сөндіруге және үй-жайларды оқшаулауға енгізді. Магистральды желілер тартылды, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды, сондай-ақ кешен аумағындағы ашық су көзінен су алу жүргізіледі, осылайша суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді", - делінген ТЖД хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады