Алматыда Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай ту көтеру рәсімі өтті.

 

Алматы, NEGE. Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Медеу» биік таулы спорт кешенінде Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік туды «Батыр» Президенттік полкінің әскерилері көтеру сәтінде қаланың барлық аумағында, яғни, сағат 11.00-де Әнұран шырқалды. Алматы тұрғындары саябақтарда, скверлерде, мектептерде және басқа да қоғамдық орындарда еліміздің Әнұранын орындады.

Салтанатты шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, қала халқы мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.l