Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған велошеру өтеді

4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтеді.

 

Алматы, NEGE. Мемлекеттік ту ұстаған велошабандоздар шеруі Ганди атындағы саябақтан бастап, Шевченко көшесін бойлап Ғылым академиясына қарай жылжиды.

Шоқан Уәлиханов атындағы сквердегі мәре сызығында салтанатты түрде әнұран орындалады. Іс-шраға кез келген адам тегін қатыса алады.

Сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін М. Ганди атындағы саябақтан бастап, Шоқан Уәлиханов атындағы скверге дейінгі аралықтағы Шевченко көшесінде қозғалыс шектеледі. Кейбір автобустың бағыты уақытша өзгереді.